Текст песни Динара Қырықбаева — Ұстазым

image_pdfimage_print

Тыңдаған көңілдегі толғамымды
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды

Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сыя алады

Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде

Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым

Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде

Оцените текст
( Пока оценок нет )

На данной странице вы найдете слова и текст песни Динара Қырықбаева — Ұстазым. Здесь можно прочитать, а также скачать текст песни и распечатать его.

Поделитесь с друзьями
text-pesen.ru